СҚО прокурорлары кезекті инвесторлардың құқықтарын қорғады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда 35 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба (сүт-тауар фермасы мен сүт өңдеу кешенін салу) жүзеге асырылуда.

Жобаларды іске асыру кезінде инвесторлар («Вердиев В.М.» ЖК, ЖШС «УК Әділ»ЖШС) инженерлік инфрақұрылымды орнату және байланыс желілерінің құрылысын аяқтау кезінде мердігер тарапынан келісімшарттық міндеттемелерді орындау мәселелеріне тап болды.

Фронт-офис аясында инвесторлардың қатысуымен аталған мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары әзірленді.
«Вердиев В.М.» Жеке кәсіпкерінің жобасы бойынша прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін қажетті бюджет қаражаты бөлінген.

Сондай-ақ, «УК Әділ» ЖШС-нің жобасы бойынша аудан әкімдігі құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел аяқтаған мердігерге шара қолданды.

Мәселелердің оң шешілуі инвесторларға өз жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкіндік берді.
Жалпы, жыл басынан бері қадағалау органы 52,2 млрд теңгеге инвестиция салуды жоспарлап отырған инвесторлардың 8 проблемалық мәселесін оң шешті, - деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы