СҚО полицейлеріне 41 қызметтік автокөлік кілті табысталды

СҚО-да Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің атынан полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов құттықтады.

Ол су тасқынымен күресте зор көмек көрсеткен тәртіп сақшыларына зор алғысын білдірді. Тұрғындарды эвакуациялау барысында облыс полицейлері ауқымды жұмыс атқарды. Ең қиын күндерде экипаждар су тасқынында кезекшілік атқарып, өмірлеріне қауіп төнсе де, құрлықта да, суда да қызмет атқарды, - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында полицейлердің автокөлік паркін жаңарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Кәсіби мереке күні Марат Тасмағанбетов полиция бөлімшелеріне 41 қызметтік автокөлік пен арнайы көліктің кілтін табыс етті. Полиция департаментін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы