СҚО-ның Қызылжар ауданында үйлердің 80% техникалық тексерістен өтті

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы су басқан үйлердің 80 пайызы техникалық тексерістен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың қатарында, Прибрежное, Бескөл, Ольшанка, Соколовка, Боголюбово, Надежка, Семипалатное, Вагулино, Кустовое, Красноярское, Барневка және Долматово ауылдары бар. Тұрғын үйлердің жағдайын бағамдау жұмыстары 20 мамырға дейін аяқталады.

Өңірде тексерістен өтпеген 416 үй қалды, олардың басым бөлігі үлкен Малышка ауылында орналасқан.

Айта кеткен жөн, бүгінге дейін су тасқынынан зардап шеккен 18 елді мекеннің тұрғындарымен 40, аудан әкімімен 18, қоғамдық штаб мүшелерімен 22 кездесу өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы