СҚО-ның Аққайың мен Тайыншы аудандары аралығындағы маңызды жол жөнделді

Республикалық маңызы бар Р-58 «Булаево - Возвышенка - Молодогвардейское - Кирово - Қиялы – Рощинское» автожолының 199-228 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметі бойынша, жаңартылған учаскенің жалпы ұзындығы 29,2 шақырымды құрайды. 

Аталмыш учаске ІІІ техникалық санатқа жатады және 2024 жылғы ІІІ тоқсандағы жағдай бойынша қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 508 автокөлікті құрайды.

Жөндеу жұмыстары барысында жолшылар ені 7 метр болатын жол жүру бөлігінің пайдалану ерекшелігін қалыпқа келтірді. Салқын ресайкілеу әдісі арқылы негізді орнату жұмыстары атқарылып, жаңа асфальтбетон жабыны төселіп, жол жиегі мен таңбалар орнатылды, - делінген хабарламада.

Осы жұмыстарды атқару үшін 29 жұмысшы мен 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Жобаны жүзеге асыру жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысының көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, автожолдардың техникалық ерекшеліктерін жақсартуға, сондай-ақ жол жүру уақытын қыстартып және өткізу қарқындылығын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазавтожол
Өзгелердің жаңалығы