СҚО кәсіпкерлеріне 300 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары табиғат пайдаланушылардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның сайтына сілтеме жасап.
СҚО прокурорлары табиғатты пайдалану саласында талдау жүргізу кезінде бюджетке теріс әсер еткені үшін төлемдерді негізсіз енгізу фактілерін анықтады.
2022 - 2023 жылдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 574-бабын бұза отырып, облыстың 8 мыңнан астам табиғат пайдаланушылары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін жалпы сомасы 321,4 млн теңгеге төлемдер төлеуді жүзеге асырған, ал іс жүзінде олар осы төлемдерден босатылған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстың Мемлекеттік кірістер департаменті берілген өтініштер негізінде субъектілерге 11,8 млн теңге сомаға ақша қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті, қалған сома бойынша жұмыс жалғасуда, - делінген ақпаратта.
Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында фискалдық орган салық төлеушілермен құқықтық түсіндіру іс-шараларын жүргізді.