СҚО-дағы жаңа кірпіш зауыты ішкі сұраныстың 50 пайызын қамтамасыз етеді
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданында ашылған кірпіш зауыты іші сұраныстың 50 пайызын қамтасыз етуге қауқарлы. Өндіріс көлемін ұлғайту арқылы кәсіпорын тәулігіне 300 мың кірпіш өндіруді межелеп отыр.
Жаңа нысанның жұмысымен танысу үшін Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода кәсіпорынға барды. Халық қалаулыларының бұл сапарының мақсаты – сайлауалды бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жол картасы аясында іске асырылған нысандарға мониторинг жүргізу. Олардың ішінде – «Кірпіш СҚ» ЖШС-ы да бар.
Қазір компания кірпіш шығару қуаттылығын арттырды. Жаңа өндірісті ашуға «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы қолдау көрсеткен. «Кірпіш СҚ» ЖШС директорының орынбасары Абель Бернецянның сөзінше, мұнда тәулігіне 150 мың кірпіш өндіріледі. Өнімге деген ішкі сұраныс 30 пайыз көлемінде. Енді өндірістің екінші желісін іске қосу есебінен бірп ауысымда 300 мыңға дейін кірпіш шығару жоспарланып отыр. Өндіріс көлемін көбейту арқылы отандық нарықтың жартысын жергілікті кірпішпен қамтамасыз етпек.
Бір кірпіштің бағасы 115 теңге, бұл сыртан жеткізілетін құрылыс материалына қарағанда 30 теңгеге арзан. Жергілікті материалдардан жасалады. Мәселен, саз Подгорное ауылындағы карьерден алынады, көмір Бескөл ауылынан жеткізіледі, – деді кездесуде Абель Бернецян.
Кірпіш зауытында екі ауысымда 100-ге жуық адам еңбек етеді, жұмысшылардың жалақысы 200- 250 мыңге аралығында. Әзірге зауыт жазда ғана жұмыс істейді, алайда жақын арада ол жыл бойы кірпіш шығармақ.
Өндірісте жергілікті материал пайдаланылатыны қуантады, осыдан 10 километр жерде саз шығарылады екен. Тағы бір жақсы жері күл пайдаланылады. Яғни, Бескөл ауылының орталық қазандығынан көмір қалдығы кірпіш өндіру үшін жеткізіледі, – деді халық қалаулысы Дмитрий Колода.
Депутаттардың өңірге сапары 10 күнге жалғасады. Осы уақыт ішінде депутаттар тұрғындарды қабылдап, су, жол мәселелерін талқылайды, қоныс аударушыларға арналып садынған үйлердің сапасын да байқап көреді.