СҚО-дағы су тасқыны. Республикалық "Жезқазған-Петропавл" жолы жабылды

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі "Жезқазған-Петропавл" автожолының учаскесінде көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 10 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуімен және еріген қар суы салдарынан республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл" тас жолының жүру бөлігін су алуына байланысты А-16 "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 869-875 шақырымында көлік құралының барлық түріне жол қозғалысына шектеу қойылды. Ол СҚО Есіл ауданының Амангелді ауылының бұрылысынан бастап Покровка ауылына дейінгі аралықты қамтиды. 

Тимирязево, Шал ақын және Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғындарына Р-60 "Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" (Волошинка ауылы) тас жолы арқылы облыс орталығына жетуге болатынын хабарлаймыз. 2024 жылғы 10 сәуірде сағат 11:00-ге дейін Р-60 тас жолының 2 шақырым құрайтын учаскесінде жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Ары қарай жол маршруты Р-59 "Волошинка-Корнеевка-Рощинское" (Корнеевка ауылы) тас жолы арқылы жалғасып, КТ-29 "Покровка-Корнеевка-Горное" (Покровка ауылы) облыстық жолымен А-16 (Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолына түсіп, Петропавл қаласына жетуге болады, - деп ескертті компания өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы