СҚО-да жылына 12 мың тонна қоюлатылған сүт өндіретін зауыт іске қосылды
Солтүстік Қазақстан облысында жылдық қуаттылығы 12 мың тонна болатын қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылды. Жаңа цехтың ашылуына Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Eurasian Milk» сүт зауытында жүзеге асқан жобаның инвестиция көлемі 5,2 млрд теңгені құрайды. Өндіріс жетекші еуропалық жабдықтармен қамтылған және өнім жергілікті фермерлерден алынатын табиғи шикізаттан шығарылады.
Министрдің айтуынша, жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
Сапар барысында Айдарбек Сапаров «Жасыл Солтүстік» жылыжай кешенінің және «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағындағы саңырауқұлақ фермасының жұмысымен де танысты. Бұл жобалар өңірдің азық-түлікпен қамтылуын арттырып, импортты алмастыруға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы