СҚО-да жоғалып кеткен оқушының денесі табылды
19 мамыр СҚО Жамбыл ауданының ПБ-ге Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жасар жиені таңертең үйден белгісіз бағытта кетіп қалғаны және оның қай жерде белгісіз екендігі туралы телефон арқылы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ПБ қызметкерлерімен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, педагогтардан және жергілікті тұрғындардан құралған іздеу топтары ұйымдастырылды. Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокөлікпен және атпен жүргізілді.
20 мамыр күні таңертең жоғалған 8-сынып оқушысының денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан су шұңқырдан табылды.
Аталған факт ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Италияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Өзгелердің жаңалығы