СҚО-да жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау үшін пайдаланылмаған жерді анықтау және қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан бері прокурорлар мемлекетке 497 млн теңгеден астам соманың жер учаскелерін қайтарды.

Мысалы, Тайынша және Уәлиханов аудандарында Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы меншік иелері жалпы ауданы 25,1 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған, - делінген хабарламада.

Қадағалау шараларымен сот тәртібімен жер мемлекетке қайтарылды және бүгінде заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы