СҚО-да жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Toyota Camry жеңіл көлігі мен Shacman жүк көлігі соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апат шамамен сағат 15:10-да Жезқазған — Арқалық — Петропавл автожолының 927-шақырымында, Карлуга ауылының маңында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Петропавл қаласынан Явленка ауылы бағытында келе жатқан 55 жастағы Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 37 жастағы ер адам басқарған ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

Соқтығысудан кейін жеңіл автокөлік пен жүк көлігінің кабинасы өртенген. Toyota Camry жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүк көлігінің жүргізушісі кеуде тұсынан соққы алып, алайда ауруханаға жатудан бас тартқан.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы