СҚО-да төрт күнде шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартудың 14 дерегі анықталды
Полицейлер 17-20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың болу қағидаларын бұзудың 132 дерегін тіркеді.
Солтүстік Қазақстан облысында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп, заң талабын бұзған 10 адам ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңбұзушылықтардың басым бөлігі жеке құрылыс нысандарында тіркелген. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, полицейлер 17-20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың болу қағидаларын бұзудың 132 дерегін тіркеді. Сот шешімімен 10 адам ел аумағынан шығарылды.
Сондай-ақ еліміздің 104 азаматы жауапкершілікке тартылды. Көп жағдайда қабылдаушы тарап шетелден келген қонақтардың келуі туралы уәкілетті органдарды белгіленген мерзімде хабардар етпейді.
Полицейлердің айтуынша, "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды мүдделерін қорғауға және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.