4 Желтоқсан 2025, 16:21
Фото: - архив
СҚО-да тексерістен кейін 25 млрд теңге мемлекетке қайтарылды
Биыл күзде Жоғары аудиторлық палата Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 5 жылда мемлекеттік қызметтерге бөлінген қаражаттың тиімділігін талдап, 28 млрд теңге көлемінде бұзушылықтардың бар екенін анықтады.
Биыл күзде Жоғары аудиторлық палата Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 5 жылда мемлекеттік қызметтерге бөлінген қаражаттың тиімділігін талдап, 28 млрд теңге көлемінде бұзушылықтардың бар екенін анықтады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сөзінше оның 25 млрд теңгесі қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жоғары аудиторлық палата барлық бұзушылық рәсімдік сипатта болғанын анықтады. Ең бастысы, мемлекет қаражатын ұрлау фактілері анықталған жоқ. Сондай-ақ бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану жағдайлары да тіркелген жоқ,-деді әкім.
Нұрмұхамбетов сөзінше, қазіргі таңда нақты тапсырмалар берілген. Бөлінген барлық қаражаттың толық қалпына келтірілуі қатаң бақыланатын болады.
Аталмыш факт бойынша, 5 лауазымды тұлға әкімшілік, ал 12 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша жоспар әзірленіп, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын паспорттау да көзделіп отыр.
- АҚШ Ираннан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кепілдік талап етті 00:30
- Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды 11.07.2026
- ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды 11.07.2026
- Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді 11.07.2026
- Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады 11.07.2026
- Елімізде бір тәулікте екі орман өрті тіркелді 11.07.2026
- Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалінде қонақтарға 1 тонна шұбат ұсынылды 11.07.2026