СҚО-да суицид жасамақ болған азамат құтқарылды
СҚО-да полицейлер 20 метр биіктіктен секірмек болған азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Бірер күн бұрын, сағат 15:00 шамасында СҚО Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Смирново ауылының су мұнарасының басында тұрған ер адам туралы хабарлама келіп түсті.
Дабыл сигналы бойынша оқиға орнына полиция, ТЖ бөлімі, прокуратура, медициналық қызмет қызметкерлері келді.
44 жастағы жергілікті тұрғын 20 метр биіктіктен секіремін деп қорқытқан. Сол жерде онымен аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Руслан Байжанов келіссөз жүргізді.
Содан кейін мұнараның төбесіне ЖПҚ бөлімшесінің бастығы Александр Лизун көтерілді.
Ауыл тұрғынының эмоционалды жағдайын ескере отырып, басты міндет оны секіруден сақтау болды. Ұзақ уақыт бойы онымен сөйлесіп, тыныштандыруға тырыстым. Сәтті жағдай пайда болған кезде қолынан ұстап, төмен жаққа түсуге көндірдім. Баспалдақта полиция бастығының орынбасары Николай Попов күтіп тұрды, түсу кезінде ол ер адамды сақтандырып тұрды, – деді Александр Лизун.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері мен дәрігерлердің сауатты бірлескен іс-қимылдарының арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды.
Қазіргі уақытта ер адаммен психолог жұмыс істеп жатыр.