СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үйлі болды

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен қызылжарлықтар жаңа үйлерге қоныстануын жалғастыруда.

Петропавл қаласындағы «Бірлік» шағын ауданы жаңа тұрғындармен толықты. Бүгін 49 отбасы жаңа үйлердің иесі атанды. Осылай су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 200 жаңа тұрғын үй салынып, кілттері табыс етілді. Жоспарланған 700 үйдің 500-інде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде, бұл үйлер қыркүйек айына дейін аяқталады.

Айта кететін жәйт, су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үйлердің құрылысына 1,5 мың құрылысшы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, зардап шеккен өңір тұрғындарына екінші нарықтан 621 баспана сатып алынды.

Бескөл ауылының тұрғыны Айман Ғайнуллинаның үйі су тасқынынан кейін апатты деп танылды. Қазір комиссияның барлық кезеңдері артта қалды, ауыл тұрғыны отбасымен бірге жаңа үйде алғашқы қонақтарды қарсы алуға дайындалуда.

Біздің жаңа қонысымыз өзімізге қатты ұнайды. Бұл жерде адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, жаңа үйде өзіміздің жеке бау бақшамыздың болатындығы қатты қуантады, — деді Подгора ықшамауданындағы тұрғын Юлия Малявко.

Сәйкесінше, Бірлік ауданының тұрғыны Аубәкіровтер отбасы су тасқынынан кейінгі мәселелердің тез, оңтайлы шешілгендігі үшін алғыстарын білдірді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

— 700 үй салу — 200 аяқталды;

— 1329 үй сатып алу — 621 сатып алынды;

— 1964 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу — 949 аяқталды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы