СҚО-да су тасқынымен күрес күні-түні жүріп жатыр
СҚО-да су тасқынымен күрес бір сәтке де тоқтамай, күні-түні жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Қызылжар ауданы Тепличное ауылында құтқару бөлімшелерінің құрамында әрекет ететін сүңгуір қызметінің қызметкерлері арнайы пленканы пайдалана отырып, бөгетті нығайту бойынша маңызды жұмыс жүргізіп жатыр.
Бұл шаралар желдің күшеюі мен толқындардың әсерінен қорғаныс құрылыстарының қирау қаупіне байланысты қабылданады. Сүңгуірлер жергілікті тұрғындар мен олардың мүлкін қорғауды қамтамасыз ете отырып, өз міндеттерін кәсіби және үйлесімді орындауда. Қауіпсіздік бірінші орында. Жұмыс жүріп жатыр, құтқарушылар апаттың ықтимал салдарын болдырмау үшін бөгеттерді күшейтуді жалғастыруда, - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы