СҚО-да салымшыларды алдаған құрылыс фирмасының басшылары сотталды
Облыстық сот құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен басшысына салымшыларды алдау бойынша атышулы іс бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сотталғандар Петропавл қаласында салынып жатқан көпқабатты үйді адал тұрғын үй салушылар ретінде имидж құра отыра салымшылардың ақшасын ұрлағандықтары үшін жазаланды.
Іс жүзінде олар ақшаны құрылысқа қатысы жоқ қажеттіліктерге жұмсаған. Мемлекеттік айыптау алаяқтардың облыс орталығының 48-ден астам тұрғынын алдап, 400 млн теңгеден астам шығын келтірілгенін дәлелдеді, екі адамның 6 жылға нақты бас бостандығынан айырылуына қол жеткізді. Апелляцияда облыс прокуратурасы алданған азаматтардың талаптарын қолдап, соттың қаулысымен олардың мүдделері талаптарын қанағаттандыру арқылы қорғалды, - делінген Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысының су қоймаларында 1,15 млрд текше метр су бар
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы