9 Қазан 2026, 07:12 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

СҚО-да республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігі жабылды

Шектеу көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігі жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті.

2026 жылғы 9 қазанда сағат 07:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 875-шақырымында, Покровка көпірі маңында, көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, - делінген хабарламада.

Шектеу көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізілді.

Жүргізушілерге мына балама бағыттарды пайдалану ұсынылады:

  • «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» автожолының 46–86,87-шақырымдары;
  • «Волошинка — Сергеевка — Тимофеевка» автожолының 0–56-шақырымдары;
  • «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 876–946-шақырымдары;
  • «Покровка — Корнеевка — Горное» автожолының 34–0-шақырымдары.

Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.