СҚО-да қызылшаға қарсы 30 мың вакцина алынды

Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаға қарсы қосымша 30 мың доза вакцина сатып алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

 Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Медициналық препараттар желтоқсан айының ортасында келіп түсуі тиіс. Қазір өңірде 250 екпе бригадасы құрылған. 

Ал жүріп – тұруы қиын адамдарға медбикелер өздері барып қойып жатыр. Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлерінің айтуынша, аймақта жұқпалы ауру белгілері 75 адамнан анықталған. 

Сондықтан вакцинаға бей – жай қарауға болмайды, - дейді мамандар. 

Әсіресе, ата – аналарға енжарлық танытпаған жөн. Мысалы, қараша айынан бері облыс бойынша үш жарым мың ғана бала екпе алған. Бұл 13 – ақ пайыз. 

Оның ішінде 6 айдан 11 айға дейінгі балалар арасында 1103 бала екпе алды. 2 жастан 4 жасқа дейінгі жас арасында 2077 бала екпе алды. 86 медициналық қызметкер екпе алды, - деді  облыстық Санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы