Бүгiн 2026, 07:24
Фото: скрин
СҚО-да құтқарушылар жарылыс жұмыстарын жалғастыруда
СҚО, Ақжар ауданында Қулыкөл елді мекенінің маңындағы Қарасу өзенінде 1200 шаршы метр аумақта мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупінің алдын алуға бағытталған жарылыс жұмыстарын жүргізу жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақжар ауданында Қулыкөл елді мекенінің маңындағы Қарасу өзенінде 1200 шаршы метр аумақта мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты – мұз жамылғысын әлсірету және бұзу, мұз кептелістерінің пайда болуына жол бермеу, сондай-ақ мұз жүруінің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, – деп жазылғанТЖМ хабарламасында.