СҚО-да құтқарушылар 25 гектар аумақты шарпыған өртті сөндірді
Өртті сөндіруге ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардан 154 адам мен 58 арнайы техника жұмылдырылды
Өртті ауыздықтау жұмыстары қараңғы уақытқа, соққан қатты желге және жекелеген учаскелерге кірме жолдардың жоқтығына байланысты едәуір қиындады. Сонымен қатар тілсіз жаудың орман алқабына таралу қаупі төнді. Алдын ала мәліметтер бойынша, онда 0,9 гектар аумақта төменгі қабаттағы орман өрті тұтанған.
Күрделі жағдайға қарамастан, ТЖД мамандары жағдайды толық бақылауға алып, жалынның орман қорының ішіне қарай шарпуына жол бермеді.
Өртті сөндіруге ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардан 154 адам мен 58 арнайы техника жұмылдырылды. Атқарылған шаралар барысында өрт ошағының бүкіл периметрі бойынша топырақ жыртылып, жалынның ары қарай таралуын бөгейтін минералдандырылған жолақтар жасалды, – деп жазылған хабарламада.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.