СҚО-да қазақстандық өнімді Қытайға экспорттау бойынша ең ірі орталық құрылуда

СҚО-да қазақстандық өнімді өңдеу және Қытайға экспорттау бойынша ең ірі орталық құрылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин егін жинау науқаны барысымен танысып, ірі аграрлық кәсіпорындардың басшыларымен кездесті.

Солтүстік Қазақстан облысы егіс алқабы 4,4 млн га негізгі астық егетін өңірлердің бірі және қуатты ауыл шаруашылығы құрылымдарын құру және қолдау бойынша еліміздегі ең озық аймақ саналады. Тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын және суару жобаларын салуды жеңілдетілген несиелендірудің сәтті тәжірибесі басқа өңірлерде екінші жыл қатарынан кеңейіп келеді. Сүт бағыты өңірдің жалпы өңдеу көлемінде 35% үлесті алады, сондай-ақ астық өңдеу (19%), май өңдеу (6,5%), ет өңдеу (7%) салалары дамыған.

Тайынша ауданында Қытай инвесторларының қатысуымен дәнді дақылдар («Меmolux» ЖШС) мен майлы дақылдарды («Тайынша Май» ЖШС) өңдеу бойынша ірі кластер салынды. Аймақ ауылында тәулігіне 300 тонна ұн шығаратын диірмен кешені мен жылына 300 мың тоннаны құрайтын жем зауыты іске қосылды. Қуатты ұлғайту және макарон өнімдерін өндіру цехының құрылысы жүргізілуде. Көрші Ильичевка ауылында тазартылмаған рапс пен күнбағыс майы мен күнжара өндіретін зауыт салынды.

Бүгінде «Тайынша Май» ЖШС мен «Мемolux» ЖШС өңірдегі Қытайға экспортқа бағытталған ең ірі аграрлық жоба. Қытайлық инвестор, «Сиань Ай Цзю» корпорациясының президенті, Алашанькоу т/ж стансасында сақтау көлемі 100 мың тонналық бонд қоймасына иелік етеді. Кәсіпорынның Сианда (ҚХР) 1 мыңнан астам дүкені бар және қазақстандық кондитерлік өнімдер, сыра, балмұздақ және басқа да азық-түлік өнімдерін экспорттаумен айналысады. Корпорация Сианьда логистика және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу паркін салды. Таяу болашаққа арналған жоспарда – қазақстандық өнімді Қытайға жеткізу үшін СҚО-да ұқсас кәсіпорын құру бар.

Біздің астық ұнтақтау технологиямыз ең озық технологияның бірі саналады. Біз ұнды өте төмен температурада 15 рет тартамыз, бұл оның барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Қытайдың «Сиань Ай Цзю» корпорациясының президенті Цзя Хэй.

Кәсіпорынның Солтүстік Қазақстанда логистикалық орталық салу жоспарын ескере отырып, Серік Жұманғарин Қытайға жеткізу үшін қазақстандық өндірушілердің өнімдерін біріктіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Цзя хуй бұл ұсынысты қолдап, СҚО-да қайта өңдеу және логистика орталығын құру арқылы Қытайға өнім экспорттайтын Қазақстандағы ең ірі компания болуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ вице-премьер шошқа мен ірі қара мал сою цехынан бастап қалдықсыз өңдеуге дейінгі терең циклді ет өңдеудің толық процесін жүзеге асыратын «ЕМС Аgro» ЖШС ет комбинатына барды. Қазіргі уақытта шошқа кешені қуатын 200 мың басқа дейін 2 есе кеңейтуде. Былтыр 10 мың тоннаға жуық шошқа еті, сиыр еті, жартылай фабрикаттар, шұжық өнімдері өндірілді. Жобалық қуатына шыққан кезде шошқа етін өндіру көлемі 20 мың тоннаға дейін ұлғаяды, кәсіпорын Қазақстандағы ең ірі шошқа кешені болады. Кәсіпорынның одан әрі дамуы Қытайға шошқа экспортының қайта ашылуына байланысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы