СҚО-да қазақ күресінен республикалық турнир өтті

Петропавлда қазақ күресінен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған «Бейбіт күннің батырлары» атты ашық турнир аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен сенбіде А. Винокуров атындағы спорт сарайында еліміздің 10 облысы, Астана қаласы және М. Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясы атынан 82 балуан бақ сынасты. Іс-шара бір минут үнсіздіктен және қайтыс болған қызметкерлер туралы бейнефильмді көруден басталды. СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Ерік Сарыбаев турнир қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Ол осы іс-шараның маңыздылығына, ежелгі ұлттық күресті насихаттауға баса назар аударды және қатысушыларға адал сайыста жеңіс тіледі.

Палуандардың тартысты жекпе-жегін спорт сарайына жиналған көрермендер қызу қолдады. Күннің соңында ең мықтылары анықталды.

Турнир қорытындысы бойынша 66-ға дейін. құрметті үшінші орынды 2 қатысушы - Астана қаласының өкілі және АҚА-ның Сағындық Әшім мен Нұрсұлтан Найманғанзиев бөлісті. 2 орын СҚО-ның Нұрбек Жандос және бірінші орынды – СҚО-ның өкілі Берекетов Мейіржан иеленді. 74 келіге дейінгі санатта 3 орынды СҚО өкілдері - Дмитрий Динер және Асхат Халыбай бөлісті, 2 орынды Батырхан Қайрбек, бірінші орынды Бейбарыс Тұрғанбекұлы иеленді.

Түйе палуан санатында Ақжар ауданынан келген Батырбеков Хамит 3 орын, 2-ші орынды СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы - Қанат Өмірзақов СҚО-да, бірінші орынды Астана қаласынан келген Айбат Сейтен жеңіп алды.

Жеңімпаздарға СҚО ТЖД Қазақстан өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының қоғамдық қорының өкілдері, жұртшылық пен спорт ардагерлері алғыстарын білдірді. Жеңімпаздарға медальдар мен сертификаттар табысталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы