СҚО-да прокуратура ұжымы су тасқынына қарсы күреске атсалысты

Шараға 140-қа жуық қызметкер мен жұмысшы жұмылдырылып, облыс орталығының Подгора ауданындағы Есіл өзені арнасының жағасын нығайтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ұжымы облыстық соттың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің, көлік, әскери прокуратура қызметкерлерімен бірге су тасқынының салдарын болдырмау және барынша азайту жөніндегі іс-шараларға қатысты. 

Шараға 140-қа жуық қызметкер мен жұмысшы жұмылдырылып, облыс орталығының Подгора ауданындағы Есіл өзені арнасының жағасын нығайтып, суды тоқтататын құрылғыларды (құм салынған қаптар) дайындады. Облыс прокуратурасы Петропавл қаласы тұрғындарына шараны өткізгендегі қолдаулары, одан бөлек тікелей қатысқандары үшін, ыстық сусындармен, тамақпен қамтамасыз еткені үшін алғыс білдіреді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы