СҚО-да полиция қызметкерлері вейп сатушыларды ұстады

Солтүстік Қазақстанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз вейп сатумен айналысқан күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Петропавл қаласы Жұмабаев көшесіндегі үйдің ауласында 24 жастағы қала тұрғыны мен Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Қала тұрғынына тиесілі Mazda автокөлігінен 26 вейп тәркіленді.

Полицейлердің айтуынша, жастар бұл өнімдерді Telegram арқылы сатқан. Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 18 жастағы Петропавл тұрғыны Lada автокөлігімен қала ішінде келе жатыр деген ақпарат алды. Кейін ол Пушкин көшесіндегі үйлердің ауласында ұсталды.

Полиция қызметкерлері көліктің жүк салғышынан 154 вейп тәркіледі.

 Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейп), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Еске салайық, вейптердің айналымына тыйым салу осы жылы енгізілген болатын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясына сәйкес күдіктілерге 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулік мерзімге қамауға алуға дейін жауапкершілік қарастырылған, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Рахат Нұрахметов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы