СҚО-да полицейлер "ақылды камераларды" іске қосты

Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 11 қыркүйектен бастап "ақылды камералар" – жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейтін құрылғылар іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш құрылғылар жол үстіндегі апаттылықты азайтуда тиімділігін көрсетті. Бұл уақытқа дейін облыста 2022 жылы орнатылған 30 құрылғы жұмыс істеді. Олар орнатылған учаскелерде адамдар зардап шеккен бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеді.

Биылғы жылдың сегіз айында аталған құрылғылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе аз бұзушылық тіркелген, бұдан осы құрылғылардың жүргізушілерді тәртіпке келтіргенін байқауға болады. Әрі, бұл – жол үстіндегі қауіпсіздіктің маңызды қадамы. Облыста қаңтар айынан бері 297 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 23 адам қаза тауып, 405 адам жарақаттар алды. Бүгінгі таңда апаттылықты азайту – полицияның маңызды міндеттерінің бірі.

Аппараттық-бағдарламалық кешендердің тиімділігіне байланысты және азаматтардың өтініштерін ескере отырып, облыстық полиция департаменті тағы 24 құрылғы алды. Олар өңірдің көше-жол желісіндегі қозғалысы көп учаскелерінде орнатылған. Тағы 2 кешен темір жол өтпесіндегі, 3 кешен жаяу жүргіншілер өткеліндегі бұзушылықтарды тіркейді, ал 4 кешен патрульдік автокөліктерде қойылған.

Бұдан бөлек, қала сыртындағы жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде “Кордон.Про”М аппараттық-бағдарламалық кешендері жұмыс істей бастады. Бұл құрылғылар жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде телефон пайдалану, жол таңбаларының бұзушылықтарын тіркейді. Бұлар солтүстікқазақстандық жүргізушілер тарапынан жиі жасалатын бұзушылықтар. Олар жол-көлік оқиғаларына әкеп соғып, ауыр салдарын ұлайтуы мүмкін. Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды сұрайды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ішкі істер министрлігі
Өзгелердің жаңалығы