9 Қыркүйек 2025 2025, 19:46
СҚО-да патрульдік көлік апатқа ұшырап, аударылып қалды
Солтүстік Қазақстан облысында Көкшетау – Рузаевка трассасында патрульдік көлік аударылып, екі полиция қызметкері жарақат алды. Апаттың мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында Көкшетау – Рузаевка трассасында патрульдік көлік аударылып, екі полиция қызметкері жарақат алды. Апаттың мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, жолдың бір ұзақ бұрылыстарында жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан патрульдік машина жол жиегіне шығып кетіп, төңкеріліп түскен.
Жол-көлік оқиғасы кезінде қызметтік міндетін атқарып жүрген екі полиция қызметкері жарақат алды. Олар әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.