СҚО-да патрульдеу және кезекшілік тәулік бойы жүргізілуде
Есіл өзенінде үлкен судың келуімен полиция қызметкерлері су тасқыны қаупі бар шағын аудандарды, учаскелер мен ауылдарды патрульдеуді күшейтті.
Петропавл қаласында су тасқынына қарсы іс-шараларға күн сайын қалалық және облыстық полицияның 984 қызметкері жұмылдырылды.
Адамдар эвакуацияланған барлық үйлер мен шаруашылықтар - біздің тәулік бойы қорғауымызда. Қазіргі таңда Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда.
Басты міндет - тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тонау фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ халыққа барлық қажетті көмекті көрсету. Облыстағы жедел жағдай полицияның, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай департаментінің бақылауында, - деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сергеев су қоймасының жағдайы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы