СҚО-да өртенген тұрғын үйден үш адамның денесі табылды
Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйден үш адамның денесі табылды. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мағжан Жұмабаев ауданының Полтавка ауылындағы үйдегі өрт туралы хабарлама бүгін кешке СҚО ТЖД-нің «112» пультіне түсті. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жеткен. Келген кезде үйдің ішін жалын толық шарпығаны анықталды. Өртті сөндіру барысында үш адамның мәйіті табылды: 1968 жылы туған әйел және 1979 және 1981 жылы туған екі ер адам, - делінген хабарламада.
Жалын 40 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге ТЖД-нің 8 қызметкері және 3 техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аяз, бұршақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы