СҚО-да Орталық Азиядағы ең үлкен сүт кешенің құрылысы басталды

Жұмыс бабымен облыс әкімі Ғауез Нұмрмұхамбетов Қызылжар ауданында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің мәлімдеуінше, Новоникольское ауылында «Зенченко и К» КС ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүруіне барлық жағдайды жасауда. Өңір басшысы жұмысшыларға арналған тұрғын үйлерді, әлеуметтік және  спорт нысандарын аралады. Ауылда балалар-спорт алаңы салынуда. Жуырда дүкен ашылып, онда жергілікті өнім сатылады.

Геннадий Зенченко көкөніс қоймасының жұмысын да көрсетті. Тамшылатып суару жүйесі де белсенді түрде қолданылуда. Майлы дақылдарды өңдейтін зауыт та ашылады, қазір қондырғыларды орнату жүргізілуде.

8 мың басқа арналған сүт фермасының құрылысы басталды. Бұл еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы ең үлкен ферма болмақ. Ферма 7 кешеннен тұрады, тек біреуінде 1,3 мың басқа дейін болады. «Карусель» сауын қондырғысының өнімділігі сағатына 700 басқа жетпек", - деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Новоалександровка мен Трудовое ауылдарында облыс басшысы еңбек ұжымымен кездесіп, көктемгі дала жұмыстары тақырыбы бойынша диқандармен әңгімелесті. Қазір қолайлы күндерді барынша пайдаланып, егіс науқанын уақтылы аяқтау керектігін атап өтті өңір басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы