СҚО-да өрт сөндірушілерге жаңа өрт сөндіру техникасының кілттері табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 желтоқсанда Петропавлда Тәуелсіздік күніне орай 8 АЦ-6-40 өрт сөндіру автокөлігінің кілті табысталды.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Техника «Өнеркәсіпті дамыту қоры»АҚ қолдауымен қаржы лизингі жобасы шеңберінде сатып алынды.
Сонымен қатар ТЖД бөлімшелерін материалдық-техникалық жабдықтау үшін жергілікті бюджет шеңберінде берілетін және мемлекеттік материалдық резервтен броньнан шығарылған автокөлік техникасы берілді. Атап айтқанда, жеке құрам мен жабдықтарды төтенше жағдайлар орнына жеткізу үшін 5 бірлік жедел-қызметтік автокөлік, КАМАЗ автокөлігі базасында 2 автоцистерна (сыйымдылығы 10 тонна) және КАМАЗ автокөлігі базасында 2 самосвал.
Кілттерді табыстай отырып, Құмар Ақсақалов халықты ТЖ мен өрттен қорғау жолында қызмет атқарып жүрген өрт сөндірушілерге табыс тіледі.
Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық-техникалық базаны жетілдіруге және жаңартуға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Ол соңғы 4 жылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін 29 бірлік техника, оның ішінде жол талғамайтын көліктер мен жедел-құтқару автокөліктері сатып алынғанын атап өтті.
Сатып алынған жаңа техника Солтүстік Қазақстан облысының 7 ауданы мен облыс орталығының өрт сөндіру бөлімшелеріне таратылады,-деп атап өтті Рамиль Фаткулович.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары 3 040 рет төтенше жағдайлар орнына шықты. Бұл ретте 347 адам құтқарылды, төтенше жағдайлар аймағынан 1 583 адам эвакуацияланды, 62 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.