28 Тамыз 2026, 08:06
Фото: Скриншот
СҚО-да өрт сөндірушілер элеватордағы 400 тоннаға жуық астықты сақтап қалды
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Петропавлда элеватор аумағында өрт шығып, ТЖМ қызметкерлері жалынның таралуына жол бермеді.
Өрт Универсальная көшесінде орналасқан серіктестіктердің бірінің аумағындағы силос корпусы шатырының ағаш конструкцияларынан шыққан.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды жедел ауыздықтап, силос корпусының ішінде сақталған 400 тоннаға жуық астықты өрттен қорғап қалды.
Өрт 15 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.