СҚО-да күзгі орақ мәселелері талқыланды

Аққайың ауданындағы Шағалалы ауылында алдағы егін жинау науқанына орай ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында Егіс күні өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, аудан әкімдері, ғылыми қоғамдастық мүшелері, ауыл шаруашылығы кеңесі, серіктестік басшылары, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер қатысты.

Мемлекет басшысы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемін 2 есеге арттыру міндетін қойды.

Оны орындау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Егістік әртараптандырылып, майлы дақылдар мен жасымық, қарақұмық, картоп сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдар алқабы ұлғайтылды. Топырақ құнарлығын арттыру мақсатында 257 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда көп. Сондай-ақ тұқымды жаңарту, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңғырту жүргізілуде. Егіс күнінде заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Мемлекет тарапынан шаруаларға қажетті көмек көрсетілуде. Биыл ауыл шаруашылығын субсидиялауға 60 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Аграрлық ғылымда жаңа технологиялар мен үздік шешімдер енгізілуде. Егіс күні қатысушыларына бидай тұқымын өсіретін питомниктер, тұқымдардың сипаттамалары және себу мерзімі таныстырылды. СҚО ерекшеліктеріне жауап беретін "Семеновна" жаңа бидай сорты шығарылды.

Әрбір ауыл шаруашылығы жылының өзіндік ерекшеліктері бар, осыған байланысты егін жинау науқанында ғалымдардың ғылыми әзірлемелері мен ұсыныстарын қолдану мәселелері өзекті болып қала береді. Пленарлық отырыс барысында ғалымдар мен мамандар егін науқанын оңтайлы мерзімде өткізудің ғылыми ұсыныстарын айтты. Диқандар биылғы жылдың ауа-райының күрделі жағдайын ескеруі қажет, егінді қысқа мерзімде және аз шығынмен жинауға барынша дайындық қажет, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы