СҚО-да көлікті рұқсатсыз алып кеткен 18 жастағы жігіт жасөспірімді қағып кетті
Солтүстік Қазақстан облысында жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мағжан Жұмабаев аудандық ІІБ кезекші бөліміне "Шкода Рапид" көлігін тізгіндеген 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.
Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Бұл факті бойынша "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды, – деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Астана Жұлдызы" айналма жолы бойынша қозғалыс ішінара шектеледі
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы