27 Тамыз 2026, 21:17
Фото: BAQ.KZ архиві
СҚО-да көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Жолды 29 тамызда ашу жоспарланған.
СҚО-да көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Солтүстік Қазақстан облысында 28 тамыздан бастап «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
28 тамыз сағат 07:00-ден бастап жолдың 0–2,5 шақырым аралығындағы «Рубеж» шекаралық бақылау-өткізу бекетінен Жұмысшы кентіндегі Керуен көшесіне дейінгі учаске барлық көлік түрлері үшін жабылады, – делінген хабарламада.
Шектеу жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Жолды 29 тамызда ашу жоспарланған.