СҚО-да донордың ағзалары 4 адамның өмірін құтқарды

Солтүстік Қазақстан облысының көпбейінді облыстық ауруханасында қайтыс болғаннан кейін 1985 жылы туған донордан көпағзалық ағзалар алу жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, донорлың отбасының келісімінің арқасында жүрек, бауыр және екі бүйрек алынды.

Донорлық процесті ҰҒОО және UMC транспланттау бригадаларының, өңірлік үйлестірушілердің және барлық қажетті қызметтердің қатысуымен Трансплантаттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер республикалық орталығы ұйымдастырды.

Полиция қызметкерлері маңызды рөл атқарды, олар жедел әрекет етіп, облысқа кеткен дәрігерлер мен мамандарды алып жүруді қамтамасыз етті. Бұл жағдай донор отбасының шешімімен бірге үйлестірушілердің, медицина қызметкерлерінің және мемлекеттік қызметтердің үйлесімді жұмысы ғана Қазақстанда жүздеген пациенттердің өмір сүруіне мүмкіндік беретінін айқын көрсетті.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда донорлық ағзалардың «Күту парағында» 4300-ден астам адам, олардың ішінде 120-дан астам бала бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы