СҚО-да бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығы мен Қызылжар ауданындағы бөгеттердің жағдайын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы Ущев көшесінің бойындағы, Былғары және Заречное кентіндегі, Тепличное және Прибрежное ауылдарындағы бөгеттерді бақылады.

Су тасқынының шарықтау шегі әлі алда. Қазіргі уақытта бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жауапты қызметтер тұрғындармен ақпараттық жұмыс жүргізуі қажет, эвакуациялау пункттері дайын, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы