СҚО-да бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда
Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқыны кезінде зардап шеккен бөгеттерді қалпына келтіру жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мамандармен бірге жөндеу барысын тексерді. Оның аясында бөгеттерді нығайту және ұлғайту жұмыстары жүргізіліп, Жеңіс саябағында жағалауды бекітетін ашық кәріз жүйесі орнатылуда.
Жалпы ұзындығы 32 км болатын 8 бөгет қамтылған, атап айтқанда:
- Прибрежное
- Тепличное
- Бескөл
- 0,8 км
- Ущева кш
- Былғары
- Заречный
- Биотоған
Қалпына келтіру жұмыстарына жүздеген самосвалдар, тиегіштер, каток пен грейдерлер жұмылдырылған. Әрбір нысанға техникалық қадағалау бекітіліп, жұмыс барысын қатаң қадағалауда. Бөгеттер көктемгі су тасқынының ерекшеліктерін ескере отырып, мамандардың есебі бойынша салынуда. Мердігерлерге барлық жұмыстарды келесі айдың ортасына дейін аяқтау міндеті қойылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Күзгі каникулда оқушылар неше күн демалады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы