СҚО-да ауыл тұрғынынан мың литрге жуық заңсыз алкоголь алынды
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының тұрғыны баласымен бірге үйінде қолдан жасалған спирттік ішімдіктерді заңсыз сатып келген. Әйелдің үйінен 977 литр алкоголь өнімі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәркіленген алкоголь өнімі ірі партияға жатады. Қызылжар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері оны қала маңындағы ауылдардың бірінен тапқан. 5 литрлік бөтелкелердегі алкоголь және қолдан жапсырылған акциздік маркалары бар арақ егде жастағы әйелдің шаруашылық үй-жайынан табылды.
Бұл фактіні алдымен учаскелік инспектор анықтады. Әйел 977 литр алкогольді өз қажеттіліктерім үшін алдым деп сендіруге тырысқан. Алайда полицияда ауыл тұрғынының 37 жастағы ұлы арақты «қолдан» сататыны туралы ақпарат болды. Тексеріс барысында бәрі расталды. Жиналған материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. Алкогольдің заңсыз айналымына қарсы күрес қылмыстың алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі, ол тұрақты негізде жүргізіледі», - дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.
Биыл СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 8 136 литр алкогольді тәркілеп алды.