СҚО-да ауыл шаруашылығының жерлері мемлекетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ауыл шаруашылығының жерлерін мемлекет пайдасына қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратура пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жалпы, 2024 жылдың басынан бері қадағалау органы кадастрлық құны 932 млн теңгені құрайтын жалпы ауданы 49 мың га асатын жерлерді мемлекетке қайтарды.

Ақжар, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 42 жер телімін мақсатты пайдаланбаған, - делінген СҚО прокуратурасының ақпаратында.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған жерлер мемлекетке қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.

Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы аясында қайтарылған жерлерді ауылдық жерлерде тұратын адал субъектілерге пайдалануға беруге бағытталған. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы