Бүгiн 2026, 04:27
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
СҚО-да «Ауыл құтқарушылары» жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді
Құтқару қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Токсан би ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына Ставрополка ауылының «Ауыл құтқарушылары» бекетінің мамандары мен ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде өртті қысқа уақытта оқшаулап, толық сөндірді.
Өртті сөндіру барысында үй ішінен газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл ықтимал жарылыстың және өрттің таралуының алдын алуға мүмкіндік берді.
Құтқару қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.