СҚО-да ауыл халқы референдумға белсенді қатысып жатыр

Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстанда ауыл халқы республикалық референдумға белсенді қатысып жатыр. Түске дейін өңір халқының 60 пайыздан астамы өз таңдауын жасап үлгерді. 

Референдум белсенді өтіп жатқан елді мекендердің бірі – Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылы. Халық конституциялық құқықтарын барынша пайдаланып жатыр. Солардың бірі Гүлжан Дүйсенбаева. Ол саяси науқанға қатысуға болашаққа деген үміт жетелегінен айтады. 

Референдумға  қызыммен келдім. Өйткені өзі келіп, дауыс беру науқанын көргісі келді. Кішкентай болса да қызығушылық танытып отыр. Жасы 93-ке келген анам бар. Референдум учаскесінің мүшелері үйге келді. Жасы 100-ге таяса да ел тағдырына алаңдайды. Қазіргі тұрмысы көңілінен шығады, бұдан да жақсы болса деген тілегі бар.  Өзім де елде қандай сайлау болса да қалыс қалған емеспін, - дейді Гүлжан Дүйсенбаева. 

Бескөл ауылындағы 270-ке жуық референум учаскесінде дауыс беруге құқығы бар 1600-ден астам адам тіркелген. Халық Конституцияның 33 бабына ұсынылған түзетулер бойынша өз таңдауын жасап жатыр. 

9 адам өздері жүріп-тұра алмайтын болғандықтан үйлерінде дауыс берді. 18 толған 18 қыз-жігіт бар. Дауыс беру учаскесінде 5 комиссия мүшесі жұмыс істеп жатыр. Адамдардың келуі қарқынды. Бәрі жақсы өтіп жатыр, - дейді №269 референдум учаскесі комиссиясының мүшесі Эльмира Қабиева.

Барлық референдум учаскелері таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы