СҚО-да «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының ақшасын жымқырып қойған
«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісін ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол төсемі болмай тұрып, пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылды. Жоспарланған 53,5 шақырым жолдың 27 шақырымы жоқ. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңге.
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жол салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар тұлғалар анықталды. Іс сотқа жіберілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы