СҚО-да ата-аналардың өтінішімен жаңа мектеп бой көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында 300 орынға шақталған жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Оның айтуынша, ауылдың оңтүстік-шығыс бөлігінде 3,5 мың адам тұрады. Мектеп болмаған соң, балалар аудан орталығындағы 3 білім ордасында оқып жүріпті. Ал олар республикалық жолдың басқа жағында орналасқан.

Бұл жерде балалардың қауіпсіздігі мәселесі тұрды. Бастауыш сыныптардың балалары автобуспен тасымалданды. Екі жыл бұрын есептік кездесуде ата-аналар осы мәселені көтерген еді. Бүгін, міне, мәселе шешімін тапты. Жаңа әрі заманауи мектеп балаларға аяқ аттам жерде орналасқан, – деді өңір басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы