13 Қазан 2025 2025, 21:48
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
СҚО-да 8 мың басқа арналған ірі сүт фермасы салынып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егін жинау науқанының барысымен және 8 000 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы жүріп жатқан нысанмен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа ферма «Березка Агро» ЖШС базасында салынуда. Кәсіпорын егін шаруашылығына маманданған және 3 381 гектар ауыл шаруашылығы жерін пайдаланады, оның ішінде 2 396 гектары – егістік.
Биыл шаруашылық барлық алқаптарға жаздық дақылдар еккен:
- дәнді және дәнді-бұршақ дақылдары – 2 254 га,
- соның ішінде бидай – 1 754 га, арпа – 500 га,
- біржылдық шөптер – 142 га.
Орташа өнімділік гектарына 28 центнер шамасында.
Бүгінде заманауи технологияларды енгізіп, тұрақты дамып келе жатқан шағын және орта шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. Олардың табысты қызметі – елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі, - деді министр Айдарбек Сапаров.