СҚО-да 600 отбасы баспаналы болды

Солтүстік Қазақстан облысында 600 отбасы қоныс тойын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін «Береке» шағын ауданында жалдамалы-коммуналдық 6 көпқабатты үй қолданысқа беріліп, 600 отбасы баспанаға ие болды. Бұл көпбалалы отбасылар, жетімдер, мүгедектер және толық емес жанұялар үшін көптен күткен қуанышты күн. 

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа пәтерлердің иелеріне кілттерді табыс етіп, қоныс тоймен құттықтады. Өңір басшысы көпбалалы ана Гүлназ Кенжетаева мен Александра Иоржтың шаңырағында болды.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Президент тұрғындарға баспана қол жетімді болуы керек деп атап өтті. Жалпы, жыл соңына дейін облыс орталығында 22 көпқабатты үй тапсырылып, 2 мыңнан аса отбасы жаңа қонысқа ие болады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы