СҚО-да 40 күнде 100 үй қалай салынды? - сұхбат
Солтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Серікжан Шитканов өңірде су тасқынынан зардап шеккен 700 адамға үй берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
- Су тасқыныран зардап шеккен қанша адамға үй салып беруді көздеп отырсыздар?
Бүгінгі таңда Сольнечный 2 шағын ауданында 700 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шағын аудан екіге бөлінеді. Оның сол жағында 100 үй салынса, оң жағында 600 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұрын бұл аумақта жеке және көпқабатты үйлер салынған болатын. Сол себепті су құбыры мен электр энергиясының жағынан мәселе көп болмауға тиіс. Сольнечный 2 ауданы алдағы уақытта қаламыздың ең көрікті аудандарының біріне айналады. Жақында су тасқынынан үйлері бүлінген 60-қа жуық азамат үйлі болады.
- Ертең 100 үйдің иесі анықталады. Ал қалған 600-н қашан берілмек?
Ертең су тасқынынан зардап шеккен 100 отбасыға үй беріледі. Ал, қалған үйлердің салу жұмыстары жоспар бойынша біртіндеп іске асыру көзделген. Мәселен, осы жолы 100 үй, келесі жолы 400 үй иелеріне табысталады. Жаңа соғылған 600 үйдің кілтін толығымен тамыз айында берілмек. Өйткені халық күтіп отыр, бізге уақыт созуға болмайды.
- Құрылыс 40 күннің ішінде тез салынды. Сапасы туралы не айтасыз?
Бәрі жаңа жабдықтар. Солтүстік Қазақстанда суық қатты әрі ұзақ болады. Сондықтан үйдің сыртқы қабырғасы 5 сантиметрден тұратын екі минплитамен қапталған. Оның үстіне үй жердің астына түсіп кетпеуі үшін және қозғалмалы болмау үшін фундаменті қалың салынды. Үйдің бағаналары 2,3 метр тереңдікке дейін қағылды. Үй аумағы 9/9 және жылы едені бар.
-Үйдің жарығы мен жылуынан мәселе шыққан жағдайда қайта жөндеу жүргізесіздер ме? Гарантия қанша жыл?
Келісімшартқа сәйкес, үй иесіне 2 жыл гарантия береміз. Тұрғындар тарапынан қандай да шағым түссе олқылықтың орнын дереу дұрыстауға тырысамыз. Құрылыста бәрі 700 адамдай жұмыс істеді, бірақ олардың саны қысқарып жатыр. Өйкені әр жұмысшының өз саласы бар, олар бір-біріне кедергі келтірмеуге тиіс.
-Сізге қатысы жоқ сұрақ болуы мүмкін, бірақ пәтер иелері қалай таңдалады?
Біздің қазіргі мақсатымыз - үйді салып, аяқтау.
-Әңгімеңізге рахмет!