СҚО-да 144 км арықтар тазартылды

Су тасқынына қарсы іс-шаралар облыс халқының қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуге, аумақтарды табиғи құбылыстың жағымсыз факторларынан қорғауға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СҚО ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау ұйымдары мен қызметтері кешенді іс-шаралар өткізеді. Қардың  қарқынды еруі тәулік бойы жұмыс істейтін бұл процесті жеделдетті.  

Осы процестер қиын жағдайда өткізіледі, Есіл өзенінің бассейніндегі қар қорының көлемі орташа көпжылдық көрсеткіштерден 139% - ға, топырақтың күзгі ылғалдану көрсеткіштері 12%-ға және топырақтың қату көрсеткіштері 54 см-ге асып түсті. ТЖ-ны болдырмау үшін іргелес және бекітілген аумақтардан, магистральдық көшелерден елді мекендерден тыс қар шығару, ұйымдар мен жеке аулалардың аумақтарын қардан тазарту белсенді жүргізілуде. Қазіргі уақытта 622 мың текше метр қар шығарылды. Еріген қар суы жолдарындағы егістіктерге топырақ себу жұмыстары жүргізілуде (442 км топырақ себілген), 2222 су өткізу құбыры және 144 км арықтар тазартылды.

Өткен күндер су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан барлық құрылымдар үшін нағыз сынақ болды. Тек алдыңғы 4 тәулік ішінде жергілікті атқарушы органдардың, «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Тазарту құрылыстары» РМК және «Қызылжар су» АҚ күштерімен СҚО елді мекендері бойынша тұрғын үй секторының 426 аула аумағынан еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді, жалпы 63 мыңнан астам текше метр еріген қар суы сорылды.

27 наурызда ауа температурасының +8 градусқа дейін жоғарылауы, қардың мол еруі және жерасты және еріген қар суының көтерілуі салдарынан Петропавл қаласының жеке тұрғын үйлерінің 5 аула аумағын су басты, ал үйлердің біріне еденнен 2 см-ге жоғары су кірген. Жоғарыда аталған мекенжайлардағы үйлер ойпат жерлерде және іргетасы төмен орналасқан. Сондықтан көктемде су басуының тұрақты факторы болып табылады.

Қазіргі уақытта осы аумақтардан су сору толық көлемде жүргізілді. Жағдай бақылауда.

Су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою үшін облыста жергілікті атқарушы органдар, ТЖД, полиция және Ұлттық ұлан жеке құрамынан 2000-ға жуық адам және 1000-нан астам бірлік техникадан тұратын күштер мен құралдар топтамасы құрылды.

Бүгінгі таңда департамент пен жергілікті атқарушы органдардың қызметінде халықты тасымалдау және эвакуациялау үшін 27 бірлік техника, 5 кез-келген жерде жүре алатын көлік, 116 жүзу құралы, 369 шағын және үлкен өнімділік мотопомпасы, 370 су өткізбейтін костюм және 65 шатыр бар.

Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, департамент су тасқынынан қауіпті учаскелерге алдын ала шоғырландыру үшін 8 бағытта күштер мен құралдарды топтастыруды қалыптастырды. Қазір осы күштердің ішінен жеке құрамнан 23 адамнан тұратын бір топ және 4 бірлік техника ауданға Ғ. Мүсірепов атындағы ауданға жіберілді. Олар су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын өткізуге жұмылдырылуда, - деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы