СҚО аудандарының бірінде бір күнде 3 мас тракторшы ұсталды

Жамбыл ауданында учаскелік полиция инспекторына 2 трактор жүргізушісі түскі уақытта, егін жинау жұмыстарын жүргізу барысында ішімдік ішті деген ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Тексеру барысында ақпарат расталды. Ауыл арасындағы жолмен келе жатқан 50 және 39 жастағы ер адамдардың орта дәрежедегі масаң күйде екендігі анықталды. Сол күні ауылдардың бірінде “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде полицейлер 46 жастағы жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан ЮМЗ-6 тракторын тексеру үшін тоқтатты. Одан ішімдіктің иісі шығып тұрған. Медициналық тексеріс оның орташа масаң күйде болғанын көрсетті. 

Мұндай фактілермен күрес — жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі мәселесі. Өткен демалыс күндері ауданда бес мас жүргізуші ұсталды, оның біреуі есірткілік масаң күйде болған. Жол қауіпсіздігін нығайту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде және облыстық полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында, – деді Жамбыл ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Данияр Әбілев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы