СҚО әкімінің орынбасары: Су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Қанат Дүзелбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі жағдайды баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс аумағындағы төтенше жағдай бәрімізге үлкен міндет жүктейді. Су тасқыны қиындықтарын азайту үшін біраз жұмыстар атқарылуда. Сергеевка су қоймасының сыйымдылығы 182%-ды құрайды. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс орын алған жоқ. Су қоймасына аққан су – 425 см. Осыдан 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қаупі төніп отыр, - деп атап өтті өңір басшысының орынбасары.

Айтуынша, су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауға алынған.

Қар жамылғысы 30%-ға дейін жетеді. Әлі де 219 елді мекенді су басу қауіпі жоғары. 40 үйдің 13-ін су басып қалған. 280 адам эвакуацияланып, 44 адам үйлеріне қайтарылды. 111 үйдің маңын су басты, - деді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы